Ауыл олимпиадасының мектепішілік іріктеу кезеңі
2025 жылдың 24 қыркүйегі күні "Ушинский атындағы орта мектебі" КММ 9-11 сынып оқушыларына арналған Ауыл олимпиадасының мектепішілік іріктеу кезеңінің ашылуы болды. Сонымен қатар, оқушылар бекітілген кесте бойынша химия, информатика, физика, математика пәндерінен олимпиадаға қатысты. Олимпиада 24-26 қыркүйек аралығында өтеді.