«Қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік» олимпиадасы
2025 жылғы 17 қазан күні сағат 10:00-11:00 аралығында Ушинский атындағы орта мектебінде 9–10–11 сынып оқушылары арасында «Қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік» тақырыбында олимпиада өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың қаржылық мәдениетін арттыру, жеке қаржыны дұрыс басқару, сондай-ақ қауіпсіздік шаралары жөнінде білімдерін кеңейту. Олимпиадаға жоғары сынып оқушылары белсене қатысып, өздерінің қаржылық сауаттылық деңгейін көрсетті.