«Әліппе, саған мың алғыс!»
Ушинский атындағы орта мектепте «Әліппе, саған мың алғыс!» атты мерекелік шара өтті. 1 «Ә» сынып оқушылары алғашқы оқу кітабы — «Әліппемен» қоштасып, енді «Ана тілі» оқулығы арқылы білім жолындағы келесі белеске қадам басты. Бұл күн – бүлдіршіндер үшін ерекше әсерге толы, қуанышты әрі есте қаларлық сәт. Оқушыларымыздың оқу жолы сәтті болып, кітапқа деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігі арта берсін! Сынып жетекшісі: Сабраева Ақжан Қанатовна