1 сәуірде бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады » "Almaty region білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ушинский атындағы орта мектебі" Education Department of Kerbulak district
Almaty region білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Ушинский атындағы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(727) 305-66-47
bookkeeping:
+7(7273) 05-66-47
Version for
visually impaired
01
April
2025

1 сәуірде бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады

“Almaty region білім басқармасының, Қарасай ауданының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің
“Ушинский атындағы орта мектебі” КММ

1 сәуірде бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады

Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Орта білім комитетіне сілтеме жасап.

ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, 1-сыныпқа ата-анасының өтініші бойынша балалар 6 жастан бастап қабылданады. Құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрондық үкіметі, сондай-ақ қағаз нұсқада 1 сәуір – 31 тамыз аралығында тапсыруға болады.

Қазақстан азаматтары үшін Жалпы білім беретін орта мектепке қабылдауға қажетті құжаттар тізімі:
1. ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші;
2. №065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
3. өлшемі 3х4 см сурет (2 дана).

Шетел азаматтары үшін:
Ата-аналар немесе басқа заңды өкілдер Қазақстанда уақытша немесе тұрақты тұруы керек. Шетелдіктер мектепке Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығы туралы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы құжаттарды ұсынуы керек.
Ескерту: құжаттарды тіркеу үшін ата-ананың ЭЦП кілті болуы шарт

Жұмыс уақыты:
Дүйсенбі-жұма: 9:00 - 18:30
Түскі үзіліс: 13:00 - 14:30

📞 +7 7273 056647
📍 Қырғауылды ауылы, Іңкәрбеков к-сі, 49А

Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.

Құрметті ата-аналар! Құжаттарды тапсыруды соңғы күндерге қалдырMay, балаңызды мектепке беруді алдын ала ойластырып, уақытында әрекет етіңіз!
Өтінішті электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы немесе қағаз нұсқада тапсыруға болады. Құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке қабылдау бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив