30
May
2025
«Бала қауіпсіздігі – басты мақсатымыз»
«Бала қауіпсіздігі – басты мақсатымыз» акциясы аясында «Ашық есік күні» өтті
2025 жылғы 9 мамырда Қарасай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен Department of Education бірлесіп, «Бала қауіпсіздігі – басты мақсатымыз» атты акция аясында «Ашық есік күнін» ұйымдастырды.
Шара барысында оқушылар өрт сөндірушілердің төтенше жағдай кезінде қандай іс-әрекеттер атқаратынын, жауынгерлік киімді шұғыл түрде қалай киетінін және оқиға орнына жедел жету үдерісін өз көздерімен көріп, жан-жақты мағлұмат алды. Сонымен қатар, азаматтарға көмек көрсету кезінде қолданылатын тәсілдермен де танысты.
Оқушылар бөлімнің күнделікті жұмыс тәртібімен де танысып, құтқарушылардың қызметі жайлы жан-жақты ақпарат алды.
Іс-шараның басты мақсаты – төтенше жағдайлар кезінде мектеп оқушыларының қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдануға үйрету болды.
Экскурсия соңында оқушыларға өрт қауіпсіздігі, жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер және су айдындарындағы қауіпсіздік туралы жадынама парақтары таратылды.
Аталған шараға 80-ге жуық жас құтқарушы қатысып, пайдалы тәжірибе жинақтады.