17 January 2022 0 1 2 3 4 5 Тамақтану 2021-2022 оқу жылының басында мектебімізде 922 оқушы білім алса, оның ішінде көпбалалы отбасынан-219 оқушы, жартылай жетім-15, аз қамтылған отбасынан-35, сәтсіз отбасынан-1, толық емес отбасынан-52 және ААҚҚ екі оқушы мектептің әлеуметтік құрамын құрады. Жалпы тамақтанатын оқушылар саны 130, осы тізімдегі оқушылардын ішінде 33 аз қамтылған, жартылай жетім 15, 80 көп балалы, екі оқушы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған. 2022 жылдың қыркүйек айының 1 бастап буфет ішінің тазалығың тексеріп барып,талапқа сай екендігің көріп, ашылу бұйрығың жасадық. Ас мәзірі бар және оған сәйкес тағамдардың салмағы мен калориясы өлшеніп,ондағы тағамдардың салмағы мен калориясының ас мәзірдегі жазбаға сәйкес келетіндігі анықтадық. Тағамдардың салмағы мен калориясын тіркейтін калькуляциялық және брокераждық бұйрықтар жасалды. 20 тамақтану орындары бар және бір реттік пайланатын ыдыстармен толық қамтылған. Буфетке күніне 2 рет ылғалды тазалық (уборка) жасалынып жүр. Буфеттің жұмыс істеу кестесі мен ас мәзірі және құзыретті мекемелерімен бекітілген 4 апталық ас мәзірі бар.Мектептің мед.бикесі буфеттегі дайын және шикі тағамдарды алдын-ала бақылап, олардың санитарлық нормаларға сейкес екендігін журналға толтыру және оларды тұтынуға рұқсаттама береді. Оқушылардың тамақтанатын орындары мен әр бір балаға берілетін ыдыс түрлері жеткілікті. Schoolchildren берілетін барлық тағам түрлері алдын-ала мед.биекенің қадағалауынан өтіп барып беріледі. Мектеп буфетінде жұмыс жасайтын жұмысшылардың барлығында санитарлық кітапшалары бар.Жалпы мектеп буфетіңде тамақтанудың гигенасы мен санитарлық нормалары сақталған және оқушылардың дұрыс тамақтануына барлық жағдайлар жасалған.