6 қыркүйектен бастап мектебімізде тегін тамақтандыру басталды » "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ушинский атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Ушинский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 305-66-47
Есепші бөлімі:
+7(7273) 05-66-47
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
сентябрь
2021

6 қыркүйектен бастап мектебімізде тегін тамақтандыру басталды

2021-2022 оқу жылында "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ушинский атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

 1-11 сынып оқушыларын буфеттік  тамақпен қамтамасыз етілуі

   "Қазақстан Республикасы үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 әлеуметтік қорғалмаған білім алушылармен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек бөлінетін  қаржы жұмсау ережесі" қаулысын негізге ала отырып, мектебізде "буфет" ашылғандығын хабарлаймыз.

   Буфетіміз толық 100% ыдыс-аяқтармен және оларды қоятын сөрелермен, тамақ жасауға керекті құралдарымен қамтылған. Мектеп буфетінде күнделікті ыстық бәліш, ыстық тоқаш, газдалмаған сусындар, шоколадтар сатылады. Әкелген азық – түліктері сертификатталған. Буфетте 2 адам жұмыс істейді. Санитарлық-эпидемиологиялық  тексеру орталығы жұмыс істеуге рұқсат берген. Санитарлық кітапшалары бар. Күнделікті буфеттік тегін тамақпен қамтылатын оқушыларға арналған апталық және күнделікті ас мәзірі ілулі тұрады. Буфет аспаздарының құжаттары, арнайы киетін бас киімдері мен халаттары бар. Асхананы жалға алушы кәсіпкер  2021-2022  оқу жылында 1-4 сыныптардан 91  оқушы, 5-11 сыныптардан  39  оқушы (көпбалалы отбасынан 100 оқушы, аз қамтылған отбасынан 20 оқушы, оның ішінде 8 жартылай жетім, ата-анасының қамқорынсыз қалған 2 оқушы) бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. Асхана аптасына 5 күн: бірінші және екінші ауысымда жұмыс істейді. Бірінші ауысымда 46 оқушы, екінші ауысымда 84 оқушы тегін тамақтанады. Күнделікті тамақ пен ас мәзірін және оның берілуін мектеп медбикесі Сакенова Айнур Масалимовна және әлеуметтік педагог Дуйсенбекова Гулнур Уразалиевна қадағалайды. Тамақтану бірінші ауысымда сағат 09.35-10.10 аралығында,  екінші ауысымда сағат 15.00-15.30 аралығында кезекші мұғалімдер  мен  сынып жетекшілерінің көмегімен жүзеге асырылады. Аспаздың кәсіптік білімі бар. Жасөспірімдердің тамағының нәрлілігі мен құрамы талапқа сай болуы үнемі басты назарда. Асханада ас мәзірінің  орны белгіленіп, күнделікті берілетін дәруменді тамақтар мен жеміс жидектердің ауысып келіп отырылуын мектеп әкімшілігі басшылықта ұстайды. Тамақ пісіруде йодталған тұз пайдаланылады. Сүт өнімдері де белгіленген нормаға сәйкес берілуде. Экологиялық таза сумен қамтылған. Асхананың жұмыс істеуіне қажетті бұйрықтар шығарылып, ыстық тамақпен қамтылған оқушылар тізімі мен тамақтану кестесі жасақталды. 

6  сыныптарда «Дұрыс тамақтану» тақырыбында сынып сағатын өтті. Сынып сағатында көп деген видеороликтер, оқушыларға керекті мәліметтер берілді және мектебімізде «Мектеп асханасына» орай қайырымдылық акциясы өтті.




















Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив