05
сентябрь
2023
Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары
2023 жылдың 31 тамыз күні Ушинский атындағы орта мектеп ұжымы "Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспарымен" танысты.
Бағдарлама жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде адал азаматты тәрбиелеуді көздейді.Оқыту мен тәрбиелеудегі құндылыққа бағытталған тәсіл жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды, адамның өмірі мен денсаулығын, жеке тұлғаның еркін дамуының басымдықтарын, патриотизмді, еңбекқорлықты, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеуді көздейді. Бұл тәсіл білім беру процесінің тәрбиелік мәнін арттыруға, мазмұны мен құрылымын жаңартуға бағытталған. Сабақтың тиімді болу шарттарының бірі – білім алушылардың бойында базалық құндылықтарды қалыптастыру.
Күнделікті сабақтың қысқа мерзімді жоспарларын әзірлеуде Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында берілген жалпы білім беру мазмұнының базалық құндылықтары мен жалпыадамзаттық және қазақ халқының ұлттық құндылықтарын кіріктіру ұсынылатыны туралы айтылды. "Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жолдарындағы" көзделген мақсат баланы дұрыс тәрбиелеуге үлкен үлес қосатыны көңіл қуантады.