29
январь
2025
Біз буллингке қарсы әділдік пен сыйластыққа сенеміз! Мектеп – білімнің, достықтың және өзара түсіністіктің мекені.
Сабақ интерактивті әдістер арқылы өтіп, рөлдік ойындар, топтық пікірталастар мен мысалдар келтіру арқылы оқушылардың белсенділігін арттырды. Әр топ өз тәжірибелерімен бөлісіп, буллингтің алдын алу жолдарын ұсынды. Мұғалімнің бағыт-бағдарында оқушылар буллингтің себептері мен салдарына назар аударып, оның алдын алу үшін бір-біріне қалай қолдау көрсету керектігін түсінді.
Ашық сабаққа мектеп басшылығы мен ата-аналар да қатысты, бұл шара мектеп қауымдастығында буллинг мәселесіне деген саналы көзқарасты қалыптастыруға және оқушылардың өз пікірлерін еркін жеткізуіне мүмкіндік берді. Мұндай іс-шаралар мектепте жағымды атмосфераны қалыптастырып, болашақтағы қиындықтарды болдырмауға септігін тигізеді.