12
апрель
2025
"Таза Қазақстан” — табиғатты аялаудан басталады
Таза Қазақстан” — табиғатты аялаудан басталады
Көкке қол созған асқақ таулар мен сыбдырлаған өзендер мекені — Іле-Алатау ұлттық паркінің Қарасай ауданындағы Аюсай шатқалында “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы өтті. Бұл игі іске КММ ”Ушинский атындағы орта мектептің” 8 “Б” сынып оқушылары белсене атсалысты.
Іс-шара барысында жас табиғат жанашырлары шатқал бойына қарағай көшеттерін отырғызып, Аюсай өзенінің арнасын қоқыстан тазартып, сенбілікке белсенді қатысты. Табиғатқа деген сүйіспеншілік пен жанашырлықты бойына сіңірген өрендер бұл күнді тек еңбекпен емес, ұмытылмас әсермен аяқтады.
Мұндай игі бастамалар жас ұрпақты туған жерге қамқор болуға, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелейді. Табиғатқа тағзым — болашаққа сенімді қадам!