06
январь
2021
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ (СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ) АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте «Қоғамда жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қалыптасуы шарт. Барлық мемлекеттік органдар осы бағытта жұмыс істеуі керек» деп атап өткен болатын.
Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті қоғамда әділдік, парасаттылық, сенім қағидаттарын қалыптастыру, сондай-ақ өңірдегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты белсенді жүргізу бойынша негізгі міндеттерін қарқынды іске асыруда.