«Мақтанышым менің – тәуелсіз Қазақстан» » "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ушинский атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Ушинский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 305-66-47
Есепші бөлімі:
+7(7273) 05-66-47
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
октябрь
2022

«Мақтанышым менің – тәуелсіз Қазақстан»

      1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСРЖоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап-ақ егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Қазақстанның егемендігі және территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектелді. Осы кезден бастап демократиялық қоғам құру мақсатында ел ішіндегі қоғамдық-саяси құрылымға біраз өзгерістер енгізіле бастады. Бұл акт арқылы әлем картасындағы жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының негізі қаланды. Егемендігімізді жариялау еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын.                                                                                          КСРО құрамынан бірінші болып Балтық елдері — Эстония (1988 ж.), Литва мен Латвия (1989 ж.) шықты. 1990 жылы «егемендік шеруі» деп аталатын қозғалыс басталды. Республикалар бірінен соң бірі егемендігін жариялай бастады. Ал Қазақстан ең кейін шыққандардың бірі болып, қазанның 25-інде егемендігін жариялады. Бізден кейін 15 желтоқсанда Қырғыз КСР-і (Қырғызстан) өз Декларациясын қабылдады.

Декларацияда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Егеменді мемлекеттіліктің іргелі қағидаттары ретінде Қазақстанның жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді.  2009 жылы аталған заңға өзгерістер енгізіледі. Сөйтіп, 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні, ұлттық мереке болып жария етілді. Ал Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды. 

       2022 жылдың 16 шілдесінде Ұлттық құрылтайда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынды. Биыл Қазақстан 13 жылдан кейін алғаш рет Республика күнін тойлайды. 

   Осы атаулы мереке қарсаңында мектебімізде «Мақтанышым менің – тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекеміздің қонағы «Батыр бабалар» музейінің меңгерушісі Орынбасар Тәлімжанұлы тәуелсіздік жолындағы ата-бабаларымыздың ұлт-азаттық күресі жайында баяндап, Республика күнінің маңыздылығына тоқталып кетті. Оқушылар еліне деген сүйіспеншілігі мен құрметін әсем ән мен жыр, асқақтаған қасиетті домбыра үнімен жеткізе білді. Түрлі ұлт өкілдері атынан мемлекеттік тілімізде әсерлі құттықтаулар жолданды.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив