16
март
2026
«Оқу сауаттылығы – PIRLS халықаралық зерттеуіндегі табыс кілті»
2026 жылы 12 наурыз күні мектепте мұғалімдерге арналған «Оқу сауаттылығы – PIRLS халықаралық зерттеуіндегі табыс кілті» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Умит Исабекова семинар өткізді. Семинардың мақсаты – мұғалімдерге PIRLS халықаралық зерттеуінің мазмұны мен маңызын түсіндіру, оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту жолдарын қарастыру және тәжірибеде қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдермен таныстыру. Семинар барысында мұғалімдерге PIRLS халықаралық зерттеуі туралы толық ақпарат берілді. Практикалық бөлімде қатысушылар топтарға бөлініп, мәтінмен жұмыс жасауға арналған тапсырмалар орындады. 


