01
апрель
2025
Педагогикалық кеңес
Педагогикалық кеңесте білім беру үдерісін жетілдіру, оқушылардың шығармашылық дамуын басқару және үштілді оқыту мәселелері талқыланды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:
1. Оқушыларды болашақ мамандықтарын таңдауға жүйелі дайындау
(Баяндамашы: М. Тойбаева)
– Оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмыстарының қорытындысы шығарылды.
– Оқушылардың қызығушылықтары мен бейімділіктерін анықтау бойынша жүргізілген іс-шаралар қаралды.
2. Қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстары
(Баяндамашы: А. Оспан)
– Түлектердің дайындық деңгейі сарапталды.
– Аттестаттау барысында ескерілетін негізгі аспектілер қарастырылды.
3. Қашықтан оқыту технологиялары мен цифрлық білім ресурстарын (ЦБР) қолдану
(Баяндамашы: У. Сарсенбаева)
– Мұғалімдердің қашықтан оқыту платформаларын қолдану тәжірибесі талқыланды.
– Цифрлық ресурстардың оқыту үдерісіне ықпалы бағаланды.
4. Оқушының жеке тұлғалық дамуы және педагогтің қызметін жобалау
(Баяндамашы: У. Сарсенбаева)
– Мұғалімдердің оқушылардың жеке даму мүмкіндіктерін ескеріп, жеке оқу жоспарларын құру тәжірибесі қарастырылды.
5. ІІІ тоқсан бойынша білім сапасының қорытындысы
– Оқушылардың оқу үлгерімі мен білім сапасы талданды.
– Білім сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар жасалды.
6. Нормативтік құжаттарды білуге арналған квест ойыны
– Мұғалімдер арасында нормативтік құжаттарға қатысты білімдерін тексеруге арналған квест ойыны ұйымдастырылды.
– Қатысушылар әртүрлі тапсырмаларды орындау арқылы нормативтік талаптарды меңгеру деңгейлерін көрсетті.
– Бұл іс-шара педагогтердің заңнамалық құжаттармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге бағытталды.
Қорытынды:
Кеңес барысында ұсынылған мәселелер бойынша талқылаулар жүргізіліп, мұғалімдерге тиісті нұсқаулар берілді. Әр бағыт бойынша алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар нақтыланды. Сонымен қатар, нормативтік құжаттарды меңгеру мақсатында өткізілген квест ойыны өткізілді.